Биыл өңірдегі тас жолдардың деңгейін 82 %-ға жақсарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты. Өткен жылы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының 80 шақырымын қайта жаңғырту жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта Миялыдан Ойылға шығуға мүмкіндік беретін 18 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жұмыс Атырау мен Ақтөбе облыстарының арасындағы көлік қатынасына оң әсерін тигізбек. Ұзындығы 45 шақырымды құрайтын Миялы -Тайсойған ауылына дейінгі жол да күрделі жөндеуден өтуде. Бүгінде оның 39 шақырымына астыңғы асфальт жабындысы төселді. Осы жылдың 2-ші тоқсанында қолданысқа беру жоспарланып отыр.