Облыста ас тұзы өндіріле бастады. Индер ауданындағы кәсіпорын жылына 400 мың тонна техникалық және 150 мың тонна ас тұзын шығаруға қауқарлы. Инвесторларды мұндағы табиғи тұздан бөлек гипс, борат, құрылысқа қажетті қиыршық тастардың мол қоры қызықтырып отыр. Енді логистика мәселесі шешімін тапса, кенді аймақтың мол байлығы ел игіліне қызмет етеді.