Тақырыпқа тұздық болсын. Жалпы Қазақстанда тұрғын үй бағасы жыл сайын қымбаттап отыр. Жасырын емес. Баспана бақыты бәріне бірдей бұйырмағаны да анық. Иә,түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске қосылғанымен,оның шапағатын бәрі бірдей көре алмайды. «Әйтеуір үйім бар ғой» деген ойдың өзі сарыуайымға сүңгітіп жібермейтін өте маңызды фактор. Ал доллардың қымбаттап кеткені «бір баспана» деп жүрген азаматтар үшін кәдімгідей соққы. Онсыз да азық-түліктің бағасы өскені уайым болып тұрғанда. Әріптестерім тұрғын үй нарығындағы өзгерістер мен бағаны бағамдап көрді.Толығырақ талдау сюжетте.