Биыл 2-ші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске – 80 жыл. Осы айтулы датаны ел есінде жаңғырту үшін аймағымызда бірқатар ауқымды шаралар өтеді. Оның бәрі - батырлар ерлігін қазіргі ұрпаққа насихаттап, есімдерін ұлықтау. Ел үшін оққа ұшқан жандардың есімі тарих бетінде мәңгі жазылған.