Аймақта денсаулық сақтау саласы дамып келеді. Мәселен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 4 медициналық мекеме пайдалануға берілді. Күн тәртібіндегі кадр тапшылығы мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Бүгінде салаға жас мамандарды тарту мақсатында 100-ден аса дәрігер өңірге шақыртылған. Оларды баспанамен қамту, әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұған қоса, тозығы жеткен денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.