Аймақта үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті. Соның салдарынан ұл-қыздардың сабақ үлгерімдері нашарлаған. Түптеп келген сапалы білім алу үшін оқушылар қиындықтарға кезігеді. Ал мектептердегі мұғалім тапшылығы үлкен проблема. Мәселен, қазір салаға 100-ден аса педагог жетіспейді. Мәселені, шешу үшін атқарушы билік күш салып жатыр.Нақтырақ айтсақ, аймақта биыл 9 жайлы мектептің құрылысы басталған. Ал жыл соңына дейін 1200 орындық мектеп пайдалануға берілмек. Мұндай ақпаратты аймақ басшысы баспсөз брифингде мәлімдеді. Бұдан бөлек, екі қолға бір күрек іздеген жастарды жұмыспен қамту бағытында ілкімді істер атқарылыпты.