Ауылды көркейту, халықтың табысын арттыру. Бұл әкімдерге тікелей міндеттелген жүк. Ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс орнату да маңызды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ауыл әкімдерімен өткен форумда айтты. Үкіметен бөлінген қаржы оңды солды шашылмай ел игілігіне жұмсалуы тиіс,деді атқамінер. Әсіресе, халықтың табысын арттыру басты талап. Бұдан өзге, кенжелеп қалған саланы қайта түрлету, инфрақұрылым тарту, ауыз сумен қамту, жол, әлеуметтік мәселелерде сөз болды. Тақырыпты Аслан Мәлікұлы жалғастырады.