Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрлер мен өңір әкімдерінің қатысуымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту.Жылдағы қауіпті жерлерде орын алуы ықтимал су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізілуде. Атырау, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері және экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, көлік министрлері, сондай-ақ су ресурстары және ирригация вице-министрі баяндама жасады.