Республика күніне орай, Атырау тұрғындары мен қонақтарына арналып жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл бастама облыс бойынша халық көп шоғырланатын 4 орында өтті. Сауда-саттық орталықтарында сүт, ет, жеміс-жидектерден бөлек, қолдан тоқылған қолөнер бұйымдары да ұсынылды. 50-ге жуық кәсіпкер қатысқан шара 2 күнге жалғасты. Ұсынылған барлық өнімнің бағасы нарықтағымен салыстырғанда 20-30 пайызға төмен.