Елімізде халық саны өскен сайын электр қуатына деген сұраныс арта бермек. Ал АЭС құрылысы – энергетикалық тәуелсіздік кепілі, - дейді мамандар. Халықтық штаб мүшелері "Кегок"компаниясы филиалының ұжымымен өткен дөңгелек үстел барысында атом электр станциясын салудың өзге де тиімді тұстары талқыланды. Олардың айтуынша, Қазақстан уран өндіруден әлемде 1-ші орында бола тұра сырттан энергия сатып алады.