Бүгінгі күні қаржылық сауаттылықты арттырып, қаржы негіздерін білу заман талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «мектептерде және жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін оқыту енгізілетіндігін» атап өтті. Бұл сақтандыру сияқты экономикалық құралға оқытудың бір түрі. Қаржы сарапшыларының пікірінше, әлемнің дамыған елдерінде сақтандыру бұл экономиканың маңызды құрамдастарының бірі.