Жол мен су мәселесі өзекті. Бүгінде кейбір елдімекендердің халқы әлі күнге дейін инфрақұрылымға қол жеткізе алмай келеді. Осы қордаланған тақырыптар облыстық мәслихаттың кезекті отырысында қаузалды. Бұдан өзге, шағын және орта кәсіпкерлікті ары қарай дамыту тетіктері пысықталды.