«Отбасы – қоғамның ажырамас бөлігі болса, тәрбие – оның негізі». Осылай деп ой түйген Индерліктер ел бойынша қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетін «Отбасы күнінде» бас қосты. Олар аудандық мәдениет үйінде өткен «Отбасы-ұлағат ұясы» тақырыбындағы шарада құндылықтар туралы сөз қозғап, ұрпақ тәрбиесін тілге тиек етті.