Қыркүйектің екінші жексенбісі - отбасы күні. Елімізде атаулы мерекені насихаттау мақсатында «Мерейлі отбасы» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Биыл, республикалық кезеңге , Атыраудан барлық сынға да, талапқа да сай шыққан Сыралиевтар

отбасы жолдама алды. Өнегелі шаңырақ Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылында тұрады. Бұл жанұя өздерінің еңбекқорлығымен талай жетістікке жетіп, қоғамға адал қызметтерімен, бойдағы өнерлерімен, жанашырлық, кішіпейілділік сияқты қасиеттерімен бір табан жақын жүр.