NCOC компаниясы мұнай төгілуінің алдын алып, экологиялық апатты болдырмауға сақадай сай. Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы 3-деңгейлі мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі «Ақ шағала-2024» жаттығуын өткізді. Табиғаты сезімтал өңірде мұнай төгілуіне байланысты сценарий үлгіленген жаттығулар NСOC компаниясында мұнай төгілімдеріне ден қоюға арналған заманауи жабдықтармен толық қамтылғанын көрсетті.