Елде су тасқанынан зардап шеккен үйлерді тексеру және бағалау аяқталды. Баспаналары бүлінген тұрғындарға да өтемақы толығымен берілген. Мәселен, жалпы апат болған өңірлерде 8853 отбасыға 49 миллиард теңгеден аса қаржы төленіпті. Тасқыннан залал көрген 5239 шаңыраққа арнайы салынған әрі сатып алынған үйлер берілген.