Доссор – Құлсары тас жолының 66 шақырымы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Жалпы бұл бағыттағы жол сапасы сын көтермейді. Кейінгі жылдары жол апаты жиілеп кеткен. Соңғы 7 айда өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарда 51 жол-көлік апаты болып, 32 адам көз жұмды.