Өңірде ерекше балалардың саны артқан. Аутизм, психикалық дамудың кешігу диагноздары жиі кездеседі. Кей бүлдіршіндерде туа біткен бұл дерт, кейбірінде өсе келе қалыптасуда. Бүгінде облыста мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды. Мамандардың айтуынша, баланың психикалық дамуының тежелуіне себеп көп.