Сүйінші! Жерлестеріміз «Koktem Open 2024» халықаралық грамплинг жарысынан олжалы оралды. Оларды жанкүйерлерімен тума -туыстары халықаралық әуежайдан бар сән салтанатымен қарсы алды. 1 аптаға созылған дүбірлі жарыс Алматы қаласында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 1300-ден аса грамплинг шебері қатысты.