Жайық өзенінің көтерілуіне және Иректі су қоймасынан су ағызудың ұлғаюына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері қаралды.