Тырысқақ – өте қауіпті жұқпалы ішек ауруы. Ол адамды асқазан-ішек инфекциясының ең ауыр түріне шалдықтыруға қауқарлы. Сондықтан карантинді індеттердің қатарына жатады. Осы тұрғыда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиолгиялық басқармасының бастауымен тырысқақ ауруының алдын –алу мақсатында оқу-жаттығу шарасы өтті. Мақсаты – жұқпалы дерттің халық арасында таралуын болдырмау және қатаң бақылауға алу.