Еріктілер гуманитарлық көмек жөнелту штабында бір кісідей жұмылып, білек сыбана қызмет етуде. Солардың қатарында 3 сынып оқушысы Дамир Жалғас та бар. Ол 8 сәуірден бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді жинауға және оны зардап шеккен ауданға жөнелтуге көмектесіп жүр. Дамирдың еріктілік қызметте жүргеніне төрт жылдан асыпты. Қазіргі қиын ахуалда жақсылық жасау үшін жас шектеуі жоқ, бұл күндері аға буыннан бастап, жастар да аянып қалмауда.