Оқу-ағарту министрлігінің 10 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, су тасқыны болып жатқан аймақтардағы оқушылар ағымдағы бағалаудан босатылады. Облыстағы барлық орта білім ұйымдарында оқитын 149 мың оқушы бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды тапсырмайды. Олар күнделікті онлайн сабаққа қатысып, тапсырма орындау арқылы, формативтік қалыптастырушы бағаларын ала алады. Ал емтихан бойынша төтенше жағдай тұрықталғаннан кейін облыстық білім беру басқармасы өз шешімдерін айтатын болады. Сонымен қатар, су тасқыны болып жатқан аймақтардағы мұғалімдердің біліктілік санатын арттыруға арналған аттестациядан өту мерзімі тамыз айына шегерілді. Айта кетейік, Атырау облысы бойынша, 9000-ға жуық мұғалім бар.