Атырауда қазіргі уақытта тасқынның алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жағалауды нығайту жұмыстарына жергілікті тұрғындар белсенділік танытып кіріссе, әкімдік қажетті техникаларды тауып беріп, өзара ұйымшылдықпен еңбек етуде. Алайда халық арасында дүрбелеңге салынып, қаладан кетіп жатқандар да бар. Түрлі пікірлерден не істерлерін білмей, елең-алаң күйде жүрген атыраулықтарға көпті көрген аға-буын өкілдері басу айтты.