ЖАЛҒАНСАЙ АУЫЛЫНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚҰМ ТОЛЫ ҚАП ДАЙЫНДАЛДЫ
Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінде су тасқынына дайындық жұмыстары қызу. 2,4 шақырым ескі дамбы биіктетілсе, 1,5 шақырым дамбы жаңадан соғылды. Оған 20 техника, 100-ден аса ерікті жұмылдырылды.