Жайық-каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде.Қазір тереңдігі небәрі 40-50 см болатын түбін тереңдету жұмыстары қарқынды.Жұмысты аяқтағаннан кейін ені 20 метр болатын өзен сағасының тереңдігі 40-тан 200 см-ге дейін артады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу Жайық өзенінен Каспийге судың тиімдірек ағуына ықпал етеді. Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жұмыстарды орындауда тиімділігі жоғары «Амфибия» экскаваторы да жұмысқа тартылады. Жер снаряд - тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық флоттың кемесі. «Төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тереңдету жұмыстары басталды, оларды жеделдетілген тәртіппен жүргізіп жатырмыз»,- дейді құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.