Атырауға ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев іс-сапармен келді. Министр су тасқынынан зардап шеккендерге арналған эвакуациялық пункті аралап, өңірде тасқынды алдын-алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар Махамбет ауданына барып, мұғалімдермен кездесіп, Жайық жағалауын нығайтуға бірге бөгет соқты. Тақырыпты Ақмарал Бисембай тарқатсын.