Облыс орталығын топан судан аман алып қалу үшін қазір әр участокте белсенді жұмыс жүріп жатыр. Солардың бірі Соколок каналын тазарту әрі жанама жасанды канал қазу. Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейінгі ұзындық 24 шақырымды құрайды. Кеше ғана басталған нәтижелі жұмыстың арқасында бір күнде 30-ға жуық техниканың көмегімен 5 шақырым ұзындықта канал қазылған. Жергілікті ірі мұнай компаниясынан бөлінген техникалар 24 сағат бойы ауысыммен қызмет етуде. Енді жоспар бойынша олар апта аяғына дейін жұмысты аяқтауы тиіс.