6 Сәуірдің сағат 02.00-ден бастап Теңіз кен орнының вахталық қалашықтарына Құлсары қаласынан эвакуацияланған тұрғындары, оның ішінде басым көпшілігі - әйелдер мен балалар келе бастады. Олар өмір сүруге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта ТШО барлық эвакуацияланғандарды азық-түлікпен және сумен қамтамасыз етуге күш салуда.