«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында 8 тонна көмек жиналды. Науқанға атсалысқан мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жастар мен облыс тұрғындары 3 күнде 8 тонна жинақ және 500 мыңнан аса қаржылай көмек жинаған. Бұзылмайтын, бүлінбейтін заттар жүк көліктеріне салынып, Ақтөбе облысына жіберілді. Ал қаржыны әзірге қай жаққа көмекке берілетіні нақты белгісіз. Көмек қолың созғысы келетіндер үшін гуманитарлық көмек жинау алдағы уақытта өз жалғасын таппақ. Табиғи апаттан зардап шеккендер үшін бұзылмайтын азық-түлік, таза киім-кешек, гигиеналық заттар және құрал-саймандар қабылданады.