Қаланы абаттандыру және көгалдандыру өте өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан халық партиясы осы мәселе тұрғысында облыста атқарылып жатқан жұмыстар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға Қазақстан халық партиясының мүшелері мен депутаттар және компания өкілдері қатысты. Олар көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының жүргізілу жолдарын және атқарылған жұмыстардын қорытындысын талқылады.