Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер деп Ғабит Мүсірепов сипаттағандай өңірде 27 наурыз – халықаралық театр күні атап өтілді. Барша әлем театрларын ғана емес, күллі қауымдастықты біріктіретін ерекше күн. Заман өзгерсе де, көрерменін жоғалтпаған саф өнер ұлтымыздың тарихында ерекше мәнге ие. Соның бірі өңірімізде ұлттық өнерді ұлықтап жүрген киелі шаңырақ Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры. Театр төрінде жылма-жыл өтетін мереке биылда концерттік бағдарламамен дәстүрлі түрде жалғасты. Бұған ардагер театр тарландары мен жас актер, актрисалар қатысып шара барысында марапатталды. Сахна сыртындағы қызметкерлер дедд назардан тыс қалмады. Мәселен Чапай Зұлхаш, Рахымжан Отарбаев сынды 10-ға жуық арнайы номинациялар табыс етілді. Сонымен қатар үздік көрермен, үздік ақпарат демеуші сынды марапаттарда бар. Айта кетейік, өңірдегі бас театрдың тарихы ғасырға жуықтайды. Ең алғаш шымылдығын Мұхтар Әуезовтың "Түнгі сарын" қойылымымен ашқан болатын.