Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда аймақтағы су басу қаупі бар елді мекендердің дайындық мәселесі қаралды. Биыл Жайық өзені бассейнінің көктемгі су тасқынының максималды деңгейі нормадан 50-270 см дейін жоғары келетіні болжанып отыр. Бұл туралы облыстық Төтенше Жағдай Департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев өз баяндамасында мәлім етті. Серік Шәпкенов өңірде орналасқан 396 жол асты су өткізу құбырының бойына жиналған топырақ қалдығын толығымен тазалауды және көктемгі су басу қаупі жоғары елді мекендердің халқына түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды. сонымен қатар аймақ басшысы көктемгі су тасқыны жағдайын бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ қосымша техника бірліктерін дайындауды, су басу қаупі жоғары елді мекендерде қажетті құрал-жабдық қорын әзірлеуді тапсырды.