Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды тақырыптардың бірі-дін мәселесі. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде өткен Ұлттық құрылтай отырысында салт-дәстүрден ажырамауға шақырып, ханафи мазхабына ден қою жайлы айтқан болатын. Сондай-ақ Президент өз сөзінде бабаларымыздың мың жылдық діни білімі мен рухани нұсқауына сүйенуіміз керек деп ерекше атап өтті. Айтылған мәселелер бойынша сарапшылардың пікірі қандай? Толығырақ тілші тарқатсын.