Бүгін еліміздің барлық аймағында жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Сағат таңғы 10:-00-де дабыл соғылды.Құлақтандыру жүйесі іске қосылған сәттен тұрғындар ғимарат сыртына шықты. Жоғары оқу орындарының бірінде бірінші кезекте эвакуациялау тетіктері пысықталып, Студенттер мен оқытушылар ереже бойынша әрекет етті. Барлығына мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар департаменті жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі халықтың дайындық деңгейін арттыру, - дейді.