"Үйіміз суға кетті деп" шағымданған тұрғындардың санын да шек жоқ. Әсіресе, қалаға қарасты елдімекендер мен ықшам аудан халқы топан сумен әлі де күресіп әлек. Мәселен, Первый участок ықшам ауданы, Верхний өткелінің халқы бір күні үй астында қалып қоямыз ба деп үреймен күн кешіп жатыр. Көпшілік әкімдік тарапынан еш көмек көрсетілмеді деп өкпелі. Сондықтан, олар жергілікті билік, мәселемізді шешіп берсін деп талап етті. Тақырпыты Гаухар Нұрлыбекқызы тарқатады.