Қала әкімі Шәкір Кейкінұлы жергілікті полиция, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және бөлім басшыларымен бірге, қаладағы сауда базарларының санитарлық тазалық талаптарының орындалуын зерделеп шықты. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зерделеу барысында қала әкімі санитарлық талаптарды өрескел бұзып, базар аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарамай, тұтынушылар мен саудагер кәсіпкерлердің наразылығын туғызған базар әкімшілігіне бірқатар сын айтып, заң аясында шара қолданатынын қатаң ескертті.Қала әкімі жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріп, тазалыққа жауапкершілікпен қарамаған сауда орталықтарына шара қолданып, жағдайды толық бақылауда ұстауды тапсырды.