Жауапкершілікпен адалдық – учаскелік полиция инспекторының стандарты. Елімізде құқық қорғау қызметі өкілдерін халыққа жақынырақ таныту үшін «Сіздің учаскелік полицей!» атты республикалық акция өтуде. Бұл шарадан Махамбет ауданының да полицейлері қалыс қалмай, өз жұмыстары туралы халықтан шынайы ақпарат алып, құқықтық тәртіпті нығайтуға күш салуда.