Жұмыссыздық, тұрақты табыстың болмауы, алкоголизм, нашақорлық және құмар ойындар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері. Бұл туралы облыстың жоғары оқу орындарының бірінде өткен конференцияда айтылды. Іс-шараға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың негізгі жолдарына тоқталды. Сонымен қатар, спикерлер жас ұрпақ арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау қажет екенін айтты.