«Атырау жылу электр орталығы» АҚ аумағында ірі апат болды. Ғимарат ішінде қалған қызметкерлерді төтеншеліктер 7 минутта құтқарып қалды. Алайда бұл "Қыс -2023" республикалық командалық -штабтық оқу-жаттығуында ұйымдастырылған арнайы алдын алу шарасы кезінде болған жағдай . Мақсат- халықты қыс мезгілінде болатын төтенше жағдайлардан сақтандыру, алдын-алу шараларын түсіндіру, оқыс оқиға бола қалған жағдайда шұғыл әрекет ету жұмыстарын ұғындыру. Айта кетейік, 2 күндік оқу-жаттығуға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, азаматтық қорғау облыстық, қалалық қызметтерінің өкілдері, ауданның жергілікті атқарушы органдары, облыстың эвакуациялық қабылдау комиссиясы, облыстың шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағы қатысты.