ЖАС ДАРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
Жас ғалымдар «ABAY GYLYM FEST» атты ауқымды ғылыми фестивальінде бас қосты. Әр аймақтан жиналған жас өнертапқыштар өздерінің ғылыми жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Әрі білім берудегі STEAM тәсілдері саласында ғылыми-танымдық дәрістер, интерактивті сессиялар, воркшоптар және білім беру жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Ауқымды шара Атырау қаласының жастарды дамыту бастамасы» жобасы аясында өткізілілді.