Өңірге Украинаның Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Сергей Павленко арнайы іссапармен келді. Ол өңірдегі тарихи-өлкетану мұражайын аралап, өлке тарихымен танысқан екі ел арасындағы елшілік өкілі сапар барысында облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясы "Довира" украин этно мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараларға қатысты. Шара барысында украин халқының ақын әрі суретшісі Тарас Шевченконы еске алуға арналған "Есть сын один у двух народов" атты байқау ұйымдастырылды. 30-ға жуық үміткер ынта білдірген қылқалам шеберлерінің сурет көрмесін тамашалаған сенімді өкіл талантты жастардың жұмысында Қазақстан мен Украина арасындағы жылы әріптестік қарым-қатынас, бейбітшілік пен ынтымақтастық бейнеленгеніне ризашылық білдірді. Сайыс нәтижесінде жүлделі I, II, III орын жеңімпаздары электронды смарт сағаттарына ие болды. Сонымен қатар қатысушылар да алғыс хат арнайы сыйлықтармен марапатталды.