Еліміздің тәуелсіздік табалдырығында тұрған жан тебірентерлік сәттер: егемендік туралы декларацияның қабылдануы, тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарды ел журналистері шартарапқа таратты. Әсіресе, аймақтағы тілшілер қауымы ауылдағы тірлік пен көңіл-күйді айна-қатесіз көрсетіп отырды. Атыраудағы телерадио саласы ардагерлері тоқсаныншы жылдардағы тың өзгерістердің басы-қасында болған кездерді еске алады. Өндірісті өлкеге алғашқы инвестор келіп, алып кәсіпорынның іргетасы қаланған сәттен куә болған.