Бақтыгерей Құлманов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Бүгін сағат 09:00 ден бастап Құрманғазы көшесі мен Т.Бигелдинов көшесі аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүруіне орай 350 метр қашықтықта жол жабылады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі асфальт қабаттары алынып, жаңадан төселеді. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары көзделген. "Жұмыстар жоспар бойынша кезең- кезеңімен жүргізілетін болады. Осыған орай қала тұрғындарынан жол бағыттарын алдын-ала жоспарлауға және көлік қозғалысындағы уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларын сұраймыз", - делінген хабарламада.