Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Атырау балық консерв комбинатының 90 жылдығына орай "Балығы тайдай туған өлке" атты уақытша көрме өткізілді. Көрменің жалпы мақсаты балық шаруашылығы және оның дамуын көрермендерге жеткізу. Облысымыз үшін маңызы жоғары саланың өңір экономикасының негізін құрайтынын айта отырып, табиғат қорын сақтауға, қорғауға насихаттау. Сонымен қатар, балық кәсіпшілігіне еңбегі сіңген балықшылардың өмірі мен еңбек жолын таныстырып, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көрмеге 1993 жылдары ашылған балық өңдеу комбинатының күні бүгінге дейінгі тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін фото суреттер мен балық өнімдерінің құтылары, балықшы киімі, балық аулау құралдары қойылған. Сондай-ақ, осы салада көп жылдар бойы еңбегі сіңген шаруашылық ардагерлерінің өмір деректері мен құжаттары, барлығы 120 дан астам жәдігер экспозицияға қойылды.