Негізгі Жаңалықтар АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕНДЕРГЕ РЕЙД БАСТАЛДЫ

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕНДЕРГЕ РЕЙД БАСТАЛДЫ

Айыппұлын төлемей жалтарып жүрген 74 азамат анықталды. Облыс аумағында 30 мамыр және 18 маусым күндері айыппұл төлемей жүрген азаматтардың көбеюіне байланысты "Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат - жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау. Рейдтік шара басталғалы полиция қызметкерлері 74 автокөлік жүргізуші борышкерді анықтап, оның ішінде 24 автокөлік айыппұл тұрақтарына жеткізілді.

Бөлісу