Атырауда көрнекті режиссер Чапай Зұлхаш атындағы І республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестиваль - форумы басталды. Театр түндігі түріліп, еліміздің әр аймағынан кіл мықтылар жиналды. Іргелі іс - шараға республика бойынша іріктеу кезеңінен өткен 6 театр қатысады. Қонақтарды қарсы алу рәсімі өткізіліп, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Алдағы 2 күндік жұмыс жоспары талқыланды. Салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысты. Айта кетейік, спектакльден бөлек, режиссура мен сценография бойынша жас мамандарға шеберлік сағаттары өтеді.