Негізгі Жаңалықтар ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

ALMALY.KZ халықаралық өнер фестивалі басталды. Конкурс биыл VIII мәрте ұйымдастырылып отыр. 2014 жылы бастау алған шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Қатысушылар вокал, көркем сөз, бейнелеу мен хореография сынды 4 түрлі өнерден сайысқа түседі. Жарысқа 250 - ден астам бала қатысады деп жоспарлануда. 8 - 15 жас аралығында жас өнерпаздар бүгін "Жастар" мәдениет үйінде өнер көрсетті. Айта кетерлігі, биылғы сайысқа ерекше қажеттілігі бар балалар да қатысуда. Конкурс жеңімпаздары алдағы уақытта халықаралық жарыста еліміздің намысын қорғамақ.


Бөлісу