Биылғы оқу жылын Индер ауданындағы 15 мектепте 1-11 сыныптар аралығында 6266 оқушы аяқтады. Оның ішінде 300-і мектеп бітіріп, үлкен қоңырау сыңғырын ең соңғы рет естіп отыр. Олардың арасында 2 түлек «Алтын белгіге», 17 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ал 564 шәкірт 9 сыныпты бітіруге арналған мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырса «Ерекше аттестатқа» ие болмақ.