Оңалту орталығында Балаларды Қорғау Күніне арналған мерекелік кеш өтті. Аталған шараға орталықтың 50-ге жуық бүлдіршіні, ата-аналар мен орталықтың мамандары қатысты. Кеште балалар өте көңілді уақыт өткізді. Оларға арналған түрлі ойындар, ән мен би ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Мерекелік кеште ата-аналар да назардан тыс қалмады, олар үшін орталық мамандары қызықты шағын тренингтер ұйымдастырды.